Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

«Қазақстан балалары»: жаңа бағдарлама – жарқын болашақ кепілі

7 қараша 2025 жылы Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бағдарлама Білім министрлігімен бірге Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Парламент депутаттарының және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленген.

Құжаттың басты мақсаты – елдегі балалардың құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланған шараларды біріктіру.

Бағдарлама аясында балалардың білім алу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және мәдени даму салаларындағы мүмкіндіктерін кеңейту көзделген. Бұл бастама еліміздің болашағы – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Турген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

admin_qazyr

27 мың акция: елімізде волонтерлер белсенділігі артып келеді

admin_qazyr

Астанада Әбілахат Еспаевқа арналған музыкалық кеш өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz