Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстан мен БАӘ қорғаныс саласында ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің мемлекеттік қорғаныс істері жөніндегі министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадель Әл-Мазруиді қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қауіпсіздік пен әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне жоғары баға беріп, инновациялар мен озық технологиялар саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Сонымен қатар ол Астана мен Әбу-Даби арасындағы қарым-қатынастардың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде министр Мұхаммед бен Мубарак Фадель Әл-Мазруи Қазақстан Президентіне БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Дубай әмірі, премьер-министр Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның сәлемін жеткізді. Ол екі ел арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға мүдделілік танытты.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО: Тасқын су баспас бұрын есік-терезелерге пена құйып, үйімді сақтап қалдым

redaktor_qazyr

Қазақстанға алпауыт Amazon интернет дүкені келе жатыр

redaktor_qazyr

Сарқан ауданында алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz