Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Қазақстанда баланың ұлтын анықтау тәртібі өзгереді

Қазақстанда баланың ұлтын анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл бастаманы Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова көтерді. Мәселе жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ендігі жерде баланың ұлтын тек әке жағынан ғана емес, анасының ұлты бойынша да рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылады. Бұған себеп — өмірде жиі кездесетін түрлі жағдайлар.

«Бұл екі жақты шешім болады. Бұған дейін ұлты әке жағынан ғана анықталып келген. Мәселен, қандас мәртебесін рәсімдеу кезінде анасы қазақ болса да, құжат бойынша баланың ұлты әке жағынан белгіленгендіктен қиындықтар туындаған жағдайлар болды», — деді Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Оның айтуынша, кей жағдайда әкелер жаңа туған нәрестеге өз тегін де, ұлтын да рәсімдеуге асықпайтын жағдайлар кездеседі. Сол себепті, бұл мәселені Конституциялық сотпен және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарау жоспарланып отыр.

Министр бұл құзырет Ішкі істер министрлігінің қарауында екенін атап өтті. Жаңа ереже қабылданса, ата-аналар баланың ұлтын өзара келісіп таңдайтын болады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтарға 60 млрд теңге мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер төленді

admin_qazyr

1 қыркүйек демалыс күніне түскеніне орай мұғалімдерге қосымша ақы төленеді

redaktor_qazyr

Әкімдерді тікелей сайлау жүйесі енгізіледі — Тоқаев

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz