Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстандық делегация АӨСШК-ға қатысушы елдер Жастар кеңесінің VIII отырысына қатысты

Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің «АӨСШК аймағының жарқын болашағына арналған жастар бастамалары» тақырыбында VIII Жастар отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды Qazyr.kz

Отырысқа АӨСК-ға мүше 25-тен астам елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның мүшелері бар. Қазақстандық делегация құрамына еліміздің жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері енді.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде АӨШК Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбай сөз сөйледі.

Бағдарлама аясында жастарды Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындауға тарту және волонтерлік пен инновацияларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтеді. Онда ТДМ бойынша жастар жобалары таныстырылып, экология, теңдік және экономикалық өсім салаларындағы тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Сондай-ақ волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының бастамаларды дамытуға бағытталған кездесуі өтеді.

Халықаралық жиын барысында климат, технология және тұрақты даму бағыттары бойынша инновациялық шешімдер әзірлеуге арналған жас мамандар арасындағы топтық байқау да жоспарланған.

Қазақстан АӨШК-ға қатысушы мемлекеттің бірі және ұйым аясында жастар ынтымақтастығын нығайтуға қолдау білдіреді.

Жастар кеңесінің отырысына қатысу өңірлік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етеді.

Іс-шара 15 қарашада аяқталады. Отырыс қорытындысы бойынша жастар саясаты мен тұрақты даму саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Жастар кеңесінің ұсынымдары қабылданады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда ҰБТ — ға келген оқушы тест тапсырар алдын көз жұмды

redaktor_qazyr

Кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау: Жеңілдікпен несиелеу тетіктері жетілдірілуде

admin_qazyr

«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz