Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мәжіліс балаларды зиянды контенттен қорғау шараларын бекітті

Қазақстан Мәжілісі балаларды психологиялық және моральдық тұрғыда қорғауға бағытталған маңызды шараларды заң жүзінде бекітті. Депутаттар «Архив ісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады деп хабарлайды Qazyr.kz

Құжатқа сәйкес, енді бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттайтын ақпарат таратуға тыйым салынады.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл бастама қоғамның сұранысына сай әзірленген. Соңғы уақытта парламенттің қоғамдық қабылдауына көптеген азаматтардан әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде дәстүрлі емес қатынастарды ашық насихаттауға алаңдаушылық білдірген өтініштер келіп түскен.

Айта кетейік, қазан айында өткен жұмыс тобының отырысында депутаттар дәл осы бағыттағы түзетулерді талқылап, елде балалардың рухани және адамгершілік дамуына қауіп төндіретін ақпараттың таралуына жол бермеу қажеттігін атап өткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс,Бәйдібек,Ордабасы аудандарының аумағанда мал ұрлығымен айналысатын әккі ұрылар тобы ұсталып қалды

redaktor_qazyr

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты деректер жарияланды

admin_qazyr

2024 жылдың 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz