Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Керуен сарайындағы жаңа мурал: Әділетті қоғамға қадам

Түркістан мурал

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешені аумағында орналасқан тұрғын үй қабырғасына Конституцияға арналған жаңа мурал салынды, деп жазады Qazyr.kz.

Бұл ерекше бастама еліміздегі Конституциялық реформаны қолдауға бағытталып, саяси жаңғыру мен әділетті қоғам құрудағы халықтың ортақ ұмтылысын бейнелейді.

Заманауи өнер үлгісімен орындалған муралда азаматтардың бірлігі, заңның үстемдігі мен әділетті қоғамның басты құндылықтары көркем түрде көрсетілген.

Муралдың ашылу рәсімі түркістандық жастардың арнайы ұйымдастырған флешмобымен жалғасты. Жиналған жұрт Конституциялық реформаны қолдайтынын білдіріп, көк аспанға референдум символикасы бар әуе шарларын ұшырды.

Бұл символикалық іс-шара жастардың еліміздің жарқын болашағына сенімі мен ортақ жауапкершілігін айқын көрсеткендей болды. Жиналған көпшілік жаңа Конституцияның әділетті әрі дамыған Қазақстан құрудағы маңызын атап өтіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда Нұрғиса Тілендиевті еске алу шарасы өткізілді

admin_qazyr

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев: Манипуляцияға жол беруге болмайды

admin_qazyr

Түркістан облысының полицейлері 27 000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz