Qazyr.kz порталы
Қазір

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

– 12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті.

Президент «КамАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.

Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Алакөлде тәртіп орнады: Жүзу құралдарына бақылау күшейіп, жағажайлар жаңғыртылуда

admin_qazyr

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz