Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Мерекелік жеңілдіктер уақыты: Алматыда «Nauryz Sale» акциясы басталды

Наурыз

13-23 наурыз аралығында Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» атты кең ауқымды акция өтеді, деп жазады Qazyr.kz.

Он күнге жалғасатын мерекелік шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары тиімді сауда жасап, мерекелік көңіл-күйді сезіне алады.

Акцияға қатысатын сауда орталықтарында түрлі тауарларға 10-30% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ отандық өндірушілердің өнімдеріне арналған арнайы сауда алаңдары ұйымдастырылады. Мұнда қазақстандық брендтердің тауарларын әдеттегі бағадан 10-20% төмен алуға мүмкіндік бар.

«Nauryz Sale» акциясы тиімді сауда жасаумен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени бағдарламаларды да ұсынады.

Акцияға қатысатын сауда орталықтарының тізімі төменде көрсетілген.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада жаңа стадион салынады

admin_qazyr

Балқаш-Алматы бағытына тікелей пойыз қатынайды

admin_qazyr

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz