Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтар

Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде сұхбат айтуына және жазбаларға лайк басуға ресми түрде тыйым салды

Сурет: Darakchi.uz

Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде сұхбат айтуына және жазбаларға лайк басуға ресми түрде тыйым салды.Бұл туралы QAZYR хабарлайды.

Өзбекстан — Орта Азия елдерінде әйелдерге никаб, паранжа киюге тыйым салған алғашқы ел.Ташкент қаласының бас имамы Telegram мессенджері арқылы барлық аудан мешіттерінің бас имамдарына жолдаған аудио хабарламасында имамдардың әлеуметтік желідегі сөздеріне қатаң бақылау енгізілгені айтылады.

«Сәлеметсіздер ме, құрметті аудандық мешіттердің имам-хатшылары! Біздің келесі нұсқауымыз әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты. Біз бұл мәселені қатаң бақылауға аламыз. Бұл қажылық жасайтындарға да қатысты. Имам хатибтер бұл ақпаратты өз орынбасарларына және барлық басқа адамдарға жеткізуі керек. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі кез келген жазбаны оқығаннан кейін лайк басуға тыйым салынады. Барлық имам-хатибтер бұл ақпаратты өз орынбасарларына жеткізіп, бұл мәселені қадағалауы керек», – делінген Ергаш Рустамовтың аудио хабарламасында.
Осыған дейін әлеуметтік желіде «жұлдыз» атанған имамдар мәртебесі мен дәрежесіне сәйкес келмегендіктен, қызметтерінен шеттетілді.
Қалай ойлайсыз, бізге де осы тәсілді қолдану керек пе?

Автор: Ардақ Қатарбаев

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте зират маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды

redaktor_qazyr

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктеріне қатысты үкім шықты

admin_qazyr

Монтайтастық жігіт 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер сайысына қатыспақшы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz