Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысында оныншы полиция сыныбы ашылды

Түркістан облысында оныншы полиция сыныбы ашылды

Облысымызда Полиция департаментінің бастамасымен жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын полиция сыныптары ашылуда. Осы ретте Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектебінде облыс бойынша оныншы «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Сыныпқа Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде 10 жыл қызмет атқарып, ерлікпен қаза тапқан Бауыржан Садықбековтың есімі берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, полиция бөлімінің бастығы Алмас Серикбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидулла Жұматаев, мәслихат төрағасы Тайбек Қалымбетов пен зиялы қауым өкілдері және марқұм Бауыржан Садықбековтың ата-анасы, жұбайы мен ұл-қыздары қатысты.
Жиында сөз алған А.Серикбаев, полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Бауыржан Садықбеков жайлы жылы естеліктермен бөлісті.


Айта кетсек, оқушыларға полицейдің нысанды киім үлгісі тігіліп, берілді. Ал сынып бөлмесі ерлікпен қаза тапқан полицейге арналған арнайы бұрышпен жабдықталды. Шара соңында 16 оқушы ант беріп, «Жас сақшы» қатарына қосылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызмет

Ұқсас жаңалықтар

“Астана” мен “Челси” арасындағы матч қайда өтетіні белгілі болды

Redaktor Site

Шымкентте ит-мысықпен тамақтанған балалермен кері байланыс жүргізбеген мектеп әкімшілігіне сөгіс берілді

redaktor_qazyr

Қытай инвестициясы жеріміз-байлығымызға сырға салып келді, «ас та төк құдалық» күтіп тұр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz