Ұстаздар
Жалғызын алыстарға аттандырмай, Жас ана қалатындай бақтан жұрдай. Өзіндегі барының барлығын да, Балаларға беретін түк қалдырмай. Мұғалім, асыл ұстаз, ардақтылар, Жүйріктен жүре келе саңлақ туар. Қасиетті қолдарыңмен өздеріңнің Көңіліне балалардың шам жақтыңдар. Көңіліне сәбилердің күн орнатып, Барасың болашаққа тура тартып. Өзіңді бердің түгел туған елге Не жақсылық істейсің бұдан артық….