25.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $88.59 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +7°C 🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $88.59 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +7°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Қоғам

Мұқағали Мақатаев күнделігінен

Әдебиетімізді арамшөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам?! Осы күнгі әдебиет – нағыз таланттардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздар мен қорқақтардың шатпағы. Әдебиеттің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді. Ол «сыншысымақ» белгілі бір уақытқа дейін өз шәркейін сол салада сүйретіп жүріп…

29.08.2024 👁 408
Қоғам

Шәкен Оңалбай

Мені көрсең қуанып далбаңдайсың, Не тұрғанын алдыңда аңғармайсың. Үш-төрт сағат далада келсем жүріп, Айлап көрмей сағынып қалғандайсың. Сүйкімдісің, тұрасың күліп дәйім, Босқа жылап мазасыз зарланбайсың. Жалауымдай биікке көтеремін, Жайлауында кеудемнің сайрандайсың. Көңілімнің көгілдір аспанында, Жұлдыз болып бағыма жанғандайсың. Болашақтың көрікті бақшасына, Қарлығашша шарқ ұрып барғандайсың. Ержеткенде сен әрі адам болып,…

29.08.2024 👁 648
Қоғам

Ерлан Жүніс-Сұлудың көз жасы

Мұңайды сұлу, жылайды сұлу, Көзінің жасын бұлайды сұлу, Жанып та барып жастығын құшып, Талықсып соған құлайды сұлу. Ыстық та жасы ерінін өпті, Ыстық та мұңы көңілін өпті. Үздігуші еді, үміті сөнді, Сүйінуші еді, сенімі кетті. Кірпігі жастан зілмендей болды, Ащының дәмін білгендей болды. Көзінің астын көлеңке шалды, Ерінін тістеп, тілгендей…

29.08.2024 👁 677
Қоғам

Біржан сал

Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар-жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық. Қол берген қиын жерде жолдас артық, Бас тартқан жолдасынан болмас артық. Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген, Досыңнан — қатын-балаң болмас артық. Жігітке сайран етіп жүрген артық, Жігіттік бір…

29.08.2024 👁 674
Қоғам

Бесік жыры

Әлди-ау, әлди-ай, Әлди де бөпем әлди-ай. Ұйықтай ғой, бөбек, ұйықтай ғой, Балбырап балқып, қалқатай. Ұйықта, бөбек, көріп түс, Өмірге сайлы жинап күш. Балғын бол, бөпем, батыр бол, Өс, бөбегім, өс, өс! Өсерсің бөпем ержетіп, Өсірер өмір тербетіп. Ұшырар өмір шыңына Қияға қанат серметіп. Арыстан сынды айбатты, Алып та болар ма…

29.08.2024 👁 485
Қоғам

Сәкен Иманасов-Ойладың ба?

Болатынын ойладың ба ертең не? Бұғармысың, шығармысың сен төрге, әлде құдай ұрар ма екен алжытып, әзірейіл тұрар ма екен желкеңде?! Тамырыңа жылдар уын жайғанда, қалармысың шараптан да, шайдан да, Қарғармысың пешенеңе жазғанын, кеше неге шықпадым деп майданға. Қуат кетіп аяқтан да, қолдан да, бел-омыртқаң бүгілместей болғанда, оңашада езілерсің, не керек,…

29.08.2024 👁 689
Қоғам

Қанипа Бағыбаева-Мені ауыртады

Мені ауыртады Таулардың тау болмай ұсақталғаны, Тұлпарды тірліктің тұсап, қалғаны. Түн жарып жұлдыздың аққандары Беймезгіл семсе гүл бақтардағы. Қара дақ, ақ көңіл ақ қардағы. Жазықсыз жандарға оқ оқталғаны. Темір тор кісеннің шылдырлары, “Ана” деп сәбидің шыңғырғаны… Мені ауыртады Өмірдің аш көзді жетімдері Қасіреттер, осына жер бетіндегі. Арам шөптің кезінде оталмағаны,…

29.08.2024 👁 559
Қоғам

Әбіш Кекілбайұлы

Әйел күлсе ұғамын, Жарқылдап жүр деп аналар. Жамылмай ажал тұманын Есен-сау жүр деп ағалар. Құлпырып тұр деп гүл шығып, Сабағынан үзілмей. Әсемдеп мынау тіршілік Әйелдің күлген жүзіндей.

29.08.2024 👁 583
Қоғам

Қалқаман Сарин-Сен

Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!.. Сағын… көзден үзіп мұңның моншағын. Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын Аспан. Ай. Күн. Жер шары!.. Мені ешкім іздемесін. Сен ізде!.. Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе! Дәл осылай бола ма екен сүюге? – деп таңғалсын Өзен, Мұхит, Теңіз де!.. Мені ешкім ойламасын. Сен ойла!…..

29.08.2024 👁 661
Қоғам

Қабан жырау

Ал, ұста, бұл сөзімді жалған емес, Бұл дүние имандыға арман емес. Дүниенің қызығы үшін мал жинаймыз, Мал, шіркін, ешкімге еріп барған емес. Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар, Пайда ғып ешкім малын алған емес. Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла, Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес. Артынан қу нәпсінің ере берсең, Қу нәпсі жүгірістен…

29.08.2024 👁 670
Қоғам

Ыбырай Алтынсарин-Жомарт

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді: — Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке…

29.08.2024 👁 388
Қоғам

Қариялар өлмесін

Туылғанда қуанып нәрестенің, Сезінесің бір жылы жел ескенін. Қарт болмаса жастарды баптайтұғын, Кім көріпті өркендеп ел өскенін. Бұл өмірдің көп көрген соқпақтарын, Бақытымызға бар болсын қарттар дәйім. Кеңес берер ақылмен насихаттап, Жаратайық жастар-ау қарттар жайын. Ақылы мол суындай дарияның, Кемімесін қатары қарияның. Балапанға жол-жорық көрсететін, Бастығы ғой қария әр ұяның….

29.08.2024 👁 311
Қоғам

Балалық балладасы

Шыбық мiнiп, Жейденi қаспақ қылып, Тентек кезiм жүретiн сақ-сақ күлiп. Көршiмiздiң байлаулы төбетiне Ерiккенде ойнаушы ем тас лақтырып. Қарасирақ балалар жол көсеген, Өттiк бiрде топтанып сол көшеден. Байлаулы иттi көрдiм де, Тас заулаттым, «Сағынып-ақ» қалыппын мен кешеден. Тұра қуды қабаған қарғып тұрып, Бос жатқанын сол сəтте қалдық бiлiп. Тапыр-тұпыр бiздер…

29.08.2024 👁 455
Қоғам

Мағжан Жұмабаев-Осы күнгі күй

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз, Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз. Көрінбес көзге түртсе қараңғыда, Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?! Тақаулы тамағында өткір пышақ, Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз. Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес, Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің, Құл…

29.08.2024 👁 662
Қоғам

Мекембай Омарұлы

Жіп сияқты, Өмірде қысқа мына, Қысқа күн де қырық бір қыспады ма? Қашпаған қара қашар сияқтанып, Қысыр сөздің түстің ғой қыспағына. Көзін тігіп, Кер табан қасқыр – надан, Әрі асып шықтың ба бастырмадан. Қар құшақтап, мұз сүйдің Магаданда, Істеріңді алға бір бастырмаған. Шапқатсызда, Жақсы бір қылық не етті? Ел деген…

29.08.2024 👁 474
Қоғам

Дулат Бабатайұлы

Ей, мұсылман қарындас, Әкеңнен алған ақылың, Қазылған қара жолмен тең, Жақсысы кімнің бар болса, Алдыңда сары балмен тең. Жақсыдан алған ақылың, Сайдан келген желмен тең. Көп жаманның мінезі, Жиылып келген жынмен тең. Көтерілген көп жаман, Көшпелі жолдан адасса, Көпте болса азбен тең. Қаптаған боран ашылса, Жадыраған күн, жазбен тең. Халайықтар…

29.08.2024 👁 550
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA