Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Көршім арызданды»Өскеменде көлігін ұзақ қыздырған үш адам айыппұл төледі

Өскемен тұрғыны көршілерінің көліктерін 5 минуттан артық қыздырғанын көріп, полицияға шағым түсірді. Нәтижесінде үш жүргізушіге айыппұл салынды.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай жағдайларда айыппұл тек азаматтардың арызы мен дәлелдері (фото немесе видео) болғанда ғана тағайындалады.

Ережеге сай, тұрғын аймақта қозғалтқышы қосулы көлікті 5 минуттан артық қоюға болмайды. Құқық бұзғандарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық тұрғын фильтр су орнатамын деп алданып қалды

redaktor_qazyr

«Тіс дәрігері болғым келген»: сотталған азамат орындалмаған арманы туралы айтып берді

admin_qazyr

Су басқан өңірлерде ауыз су ластанды деген ақпаратты жоққа шығарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz