Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтар

Алматыда цифрландыру мен жасанды интеллект бойынша кеңес өтті

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қалалық басқаруда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Аталған бастамалар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы аясында жүзеге асырылып, қаланың тәжірибелік міндеттері мен тұрғындардың сұранысына бағытталған.

Кеңес барысында басым бағыттар ретінде тұрғындарға арналған электрондық сервистерді дамыту, әкімдіктің ішкі үдерістерін цифрландыру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология және қоғамдық қауіпсіздік салаларына, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне зияткерлік шешімдерді енгізу таңдап алынды.

Қала әкімі цифрлық шешімдердің қалалық қызметтердің сапасын арттыруға, басқарушылық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және алматылықтар үшін қолайлылықты күшейтуге тікелей ықпал ететінін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған Smart City стратегиясын іске асыру, электрондық сервистер мен азаматтардың өтініштерін қарау жүйесіне жасанды интеллектті енгізуді жеделдету, сондай-ақ қалалық қызметтер арасындағы үйлестіруді күшейту тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Элина Валтоненді қабылдады

admin_qazyr

Солтүстік Корея әскері шегініп жатыр: Ресей Пхеньяннан қосымша көмек сұрауы мүмкін

redaktor_qazyr

Түркістан облысында зиянкестермен күрес бойынша маңызды шаралар қолға алынуда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz