Qazyr.kz порталы
Аймақ

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Qazyr.kz

6 қаңтарда Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз кенеттен өмірден озды. Бұл жайында Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Марқұм Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен (Тараз қаласы) шақыртылып, Шымкенттегі 6506 әскери бөліміне қызметке келген. Әскерге келген алғашқы күннен бастап бірнеше рет медициналық қызметке жүгінгені және есепте тұрғаны айтылды.

Ұлттық ұланның мәліметі бойынша, 6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтаған. Қалалық ауруханада жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол қайтыс болды. Алдын ала диагноз – «жедел лейкоз».

Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының жеке бақылауында. Ұйым қызметкерлері жағдайдың мән-жайын толық анықтауды жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: Су тапшылығы – жай статистика емес, шынайы қатер

admin_qazyr

Ұлттық тағамдар мен жас аспаздар тоғысқан фестиваль

admin_qazyr

500 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді: Жетісуда ірі жоба жүзеге асып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz