Qazyr.kz порталы
Аймақэкономика

Стратегиялық инвестициялар: $15 млрд индустриялық жоба елдің экономикалық әлеуетін арттырады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен кездесу өткізіп, қазіргі заманғы индустриялық парк құрылысының инвестициялық, өзара іс-қимыл және практикалық аспектілерін талқылады, деп хабарлайды Qazyr.kz

Кездесу барысында Павлодар облысында толық циклді ауқымды индустриялық парк құру жөніндегі инвестициялық жобаның тұжырымдамасы қаралды. Жоба көмірден, бокситтерден, мыстан, флюориттен және әктастан жоғары қайта өңдеу өнімдерін шығару арқылы шикізатты терең өңдеуді көздейді.

Атап айтқанда, жаңа индустриялық парк аясында:

  • алюминий және мыс металлургия өндірістері іске қосылады;

  • жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық инфрақұрылым құрылмақ;

  • сода, көміртекті материалдар және экологиялық құрылыс шешімдерін өндіретін кәсіпорындар пайда болады.

Жобаның инвестициялық көлемі шамамен $15 млрд, ал индустриялық парктің ауданы 3 мың гектардан астам болады.

Xinfa Group басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн Қазақстанның ресурстық базасына – боксит, көмір және мыс кен орындарына алдын ала талдау жүргізгенін атап өтті. Ол терең өңдеу тізбегін қалыптастыру және қосылған құны жоғары өнім шығару контекстінде еліміздің индустриялық әлеуетін оң бағалады.

Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағытына сүйене отырып, өнеркәсіптік жаңғыртуды, стратегиялық инвестицияларды тартуды және технологиялық индустрияны дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары екенін атап өтті. Үкімет үлкен инвестициялық жобаларды қолдау үшін орнықты құқықтық және институционалдық базаны қамтамасыз етуде және халықаралық индустриялық топтармен ұзақмерзімді әріптестік тетіктерін орнатуға мүдделі.

Кездесу қорытындысы бойынша, жобаны егжей-тегжейлі пысықтау, индустриялық әріптестікті кеңейту және ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімге келді.

Xinfa Group – Сингапурлық компания, энергетика, алюминий және химия өнеркәсібі, сондай-ақ экологиялық құрылыс пен аграрлық технологиялар саласында әртараптандырылған портфелі бар әлемдегі ең ірі индустриялық холдингтердің бірі. Компания 1972 жылы құрылған және бірнеше негізгі өндірістік бағыттар бойынша жаһандық көшбасшылық позицияларға ие.

Жобаның іске асырылуы Қазақстанның индустриялық әлеуетін арттырып, өңірлік экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықаралық инвестициялық серіктестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, терең өңдеуге негізделген өндірістер елдің экспорттық әлеуетін арттырып, шикізатты қайта өңдеуге бағытталған экономикалық саясатқа үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жаңа оқу жылына 4 мың орындық екі мектеп ашылады

admin_qazyr

Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

admin_qazyr

Алматыдан Ыстықкөлге жаңа әуе рейстері ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz