Қазір

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Түркістан қаласына рухани-мәдени әрі тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беріледі. Премьер-Министр Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Заң жобасы мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, дәстүрлі қолөнерді дамытуды, Түркістан қаласын рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде кеңінен өрістендіру болып табылады – делінген ақпаратта.

Құжатқа сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін кесене айналасында көшелерді өзгертуге болмайды. Тарихи орталық аумағында биіктігі 7 метрден асатын құрылысқа тыйым салынады.

Археология ескерткіштерінің тұтастығын, түпнұсқалығын, құндылығын болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты құрылады. Археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген ескерткіштерге қатысты қорғау саясаты археология ескерткішін тұрақты инспекциялау, оны алдын ала күтім жасау және оны қолдау бағдарламаларын пайдалануға негізделеді, – делінген ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

redaktor_qazyr

Аймақтағы су тасқыны бойынша соңғы ақпарат

redaktor_qazyr

Қырғызстан билігі өз аумағында Тикток желісін қолдануды шектемекші

redaktor_qazyr

Пікір жазу