Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыЖаңалықтарэкономика

Үлкен Нарын ауданында ет консервілеу цехы ашылады

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауданында жаңа цех ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazyr.kz

Үлкен Нарын ауданының жеке кәсіпкері Досан Қасенов «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып, ет өнімдерінің консервілерін өндіру үшін қажетті жабдықтарды сатып алды.

Кәсіпкердің айтуынша, ол күніне 180 кг еттен 600 дана консерві өнімін шығаруға мүмкіндік алады. Досан Қасеновтің бастамасы жергілікті экономиканы дамытуға және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Жаңа өндіріс жобасы, әсіресе ет өнімдерін өңдеуге бағытталғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының дамуына да үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кәсіпорын ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына, жаңа өнім түрлерін шығаруға ықпал етеді.

Үлкен Нарын ауданында іске асырылғалы отырған бұл жобаның нәтижелері жергілікті қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға бағытталған.

©ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

2026 max pro. Бізді қандай жыл күтіп тұр?

admin_qazyr

Шымкентте балаларына ит-мысықтың етін ас ретінде берген,өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Астанада халықаралық ат спорты жарысы өз мәресіне жетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz