-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамРуханиятСаясат

Ұлттық банк қатаң валюталық бақылауға көшті- Айбар Олжаев

Бұл шешім теңге айналасындағы алыпсатарлықтың өсуіне байланысты қабылданды. Бүгін Ұлттық банк валюталық операциялар бойынша есептілікке қатысты қаулы жобасына енгізілетін өзгерістерді жариялады.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Бұл не білдіреді? Енді банктер өз клиенттерінің валюталық операциялары туралы қысқа мерзімде есеп беруі тиіс. Ұлттық банк күнделікті валюта айырбастау көлемін және оның қалай жүзеге асырылатынын нақты көріп, теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін жедел шаралар қабылдай алады.

Басқаша айтқанда, Ұлттық банк биржадан тыс нарықта қанша валюта сатылып, сатып алынатынын бақылайды. Себебі биржадан тыс нарық дегеніміз – банктердің интернет-банкингі, кассалық аппараттар арқылы валюта айырбастау және валюта айырбастау пункттеріндегі операциялар. Бұл шағын нарық емес.

Осы нарықты толық бақылауға алу арқылы Ұлттық банк теңге төңірегіндегі алыпсатарлық әрекеттерді дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдай алады. Бұл ретте теңге бағамының күрт өзгеруіне жол бермейтіндей әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Бұл өзгерістер шетел валютасына сұраныстың артуын болдырмауға, сондай-ақ резидент еместер қатысатын түрлі схемалар арқылы жүргізілетін конверсиялық операциялар кезінде ақша-несие заңнамасының талаптарын айналып өтпеуге бағытталған», – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Соңғы уақытта теңге бағамы негізгі экономикалық көрсеткіштерден алшақтап, алыпсатарлық көңіл-күйдің ықпалына түскені байқалады. Мұнай бағасының тұрақты өсуіне қарамастан, теңге әлсіреп отыр. Бұл нарықтық жағдайларда болмауы тиіс еді. 2025 жылдың алғашқы алты жұмыс күнінде биржадағы сауда көлемі $1,2 млрд-қа жетті. Бұл аномалиялық көрсеткіш. Энергетика саласындағы Ресейге қарсы санкциялар валюталық нарықтағы ойыншылар арасында дүрбелең туғызғаны анық. Осы сәтті пайдаланған алыпсатарлар нарықтағы жағдайдан пайда табуға ұмтылуда.

Ұлттық банк биржадан тыс нарықты бақылауға алумен қатар, валюта айырбастау пунктеріндегі сатып алу және сату бағамдарының айырмасын (спред) азайтты. Мысалы, доллар сатып алу мен сату арасындағы айырма 7 теңгеден аспауы тиіс. Бұл алыпсатарлық әрекеттердің негізсіз өсуін шектейді.

Сондай-ақ, $50 000-нан асатын сомада валюта сатып алатын заңды тұлғалар бұл операцияның негіздемесін (импорт шарттары, келісім-шарт талаптары және т.б.) көрсетуі тиіс. Бұл валюта нарығындағы негізсіз әрекеттерді азайтуға бағытталған.

Ұлттық банк жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Осы қатаң шаралар қабылданғаннан кейін жақын арада теңге бағамы тұрақтанып, тіпті нығаюы мүмкін. Қазіргі сәтте доллар сатып алу тиімсіз, өйткені бақылау шаралары өз нәтижесін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Италия мафиясы: Коза-Ностра

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Өлең: Сергелдеңде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz