Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Ұлытауда жылу және су нысандары жаңғыртылуда: Премьер-министр ЖЭО мен тазарту жүйелерін тексерді

Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы Жезқазған жылу электр орталығы мен қаладағы су тазарту нысандарының реконструкциялау барысын тексерді деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі таңда Жезқазған ЖЭО-да күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Белгіленген қуаты 252 МВт болатын станса бүгінде 175 МВт электр энергиясын және 363 Гкал/сағ жылу өндіреді. Бұл – қала тұрғындары мен өндіріс орындарының қажеттілігін толық өтеуге жеткілікті.

«Қазақмыс Энерджис» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегеновтің айтуынша, негізгі жабдықтарды жөндеу тарифтердің кезең-кезеңімен өсуінің арқасында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, кадр тұрақсыздығын азайту үшін жас мамандарға арналған тұрғын үй салу жоспарда бар.

Энергия тапшылығын болдырмау үшін қуаты 75 МВт болатын бу-газ қондырғысы да салынып жатыр. Бұл жоба қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Премьер-министр Жезқазғандағы ауыз су мен шаруашылық су тазарту нысандарына да барды. Мұнда заманауи кері осмосты мембраналық технология енгізілмек. Жоба аяқталған соң қаланың су жүйесіндегі тозу көрсеткіші 90%-дан 37%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Алайда жұмыс күші тапшылығы салдарынан кейбір жұмыстар кестеден кешігуде. Олжас Бектенов мердігерлерге қатысты шұғыл шаралар қабылдап, барлық нысандарды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.

Үкімет басшысы өз сөзінде сенімді энергиямен және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы басты міндет екенін атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қол астындағы қызметкерге қырындаған депутат Асқар Садықов мандатынан айырылды

redaktor_qazyr

1980 жылдан кейін дүниеге келгендер зейнетақы алмайтыны рас па?

redaktor_qazyr

Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz