Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жылыту маусымына дейін 17 ауылға табиғи газ беріледі

Кербұлақ ауданындағы 63 елді мекеннің 26-сы өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Қазіргі уақытта 18 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталды, соның ішінде Сарыөзек  елді мекенінде газ бар. Ал жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 17 ауылға газ беріледі деп хабарлайды Qazyr.kz

Көгілдір отынды Қазансу, Майтөбе, Көксай, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жайнақ батыр, Тастыөзек, Шилісу (Қызылжар а/о), Қызылмектеп, Қарымсақ, Тастыбастау,  Қызылжар, Шанханай, Амангелді, Сайлыкөл ауылдарына беру жоспарланып отыр, соның ішінде Жоламан ауылына берілді. Сол сияқты тағы 8 ауылда – Қоғалы, Қарағаш, Қаспан, Байғазы, Жаңалық, Шаған, Көкбастау, Қайнарлы ауылдарында жұмыстар жалғасуда. Осы жылдың соңына дейін газ тарту желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, кезең-кезеңмен табиғи газға қосылатын болады.

— Аудан тұрғындарының өтініші бойынша өңірлік газдандыру схемасына кірмеген елді мекендерге де газ тартылады. Бұл – Сарыбастау, Қарашоқы, Арқарлы, Сәмен, Шилісу (Сарыбұлақ а/о), Малайсары ауылдары. Келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Бұдан бөлек, Сарыөзек ауылында газбен қамтылмай қалған үйлерге газ желісін тарту жұмыстары 2026 жылдың 1- жартысында аяқталады. Соның нәтижесінде ауданның 32 елді мекені табиғи газға қол жеткізетін болады, бұл 31 мың тұрғын немесе тұрғындардың 75% деген сөз, — деді тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

admin_qazyr

Қазақстандық кәсіпкерлер Сиань қаласында $98 млн-ға келісімшарт жасасты

admin_qazyr

«Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылы әр балаға 129,38 доллар аударылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz