Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Міржақып Дулатұлы — Шешенің балаларын сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа — күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Ұқсас жаңалықтар

Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызының махаббат хикаясы

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Әңгіме: «65-ке келген кемпірдің ойы сол болса, 30-дағы менен не күтесіз?» дедім енеме

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz