Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Алматыда жүк көлігі жардан құлады

Алматының Медеу ауданында бетон таситын жүк көлігі жардан құлап, жеке үйге соғылды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 13 қыркүйек 20:00 шамасында болған.

”Жүк көлігінің жүргізушісі Каменский үстіртіндегі Қайнар көшесімен келе жатып, көліктің өз бетінше қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Соның салдарынан ауыр жүк көлігі оңтүстік бағытта өз бетінше кетіп қалып, үйдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті”, — деп хабарлады қалалық ПД қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 262 елді мекен санитарлық тазалық қызметімен қамтылады

admin_qazyr

Жаз маусымында Түркістанда 40 мың бала сауықтыру лагерлерінде демалады

admin_qazyr

Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz