Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстандықтарға жасанды интеллект заңгерлік кеңес бере алады

Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін жасанды интеллект элементтері бар чат-ботын әзірледі. Қазір ол Zan Komegi мобильді қосымшасының негізінде жетілдіріліп, тәжірибелік ортада тестілеуден өткізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.

Спикер Zanbar және IPrav қосымшаларында адвокаттар мен заң кеңесшілерінің рейтингі бар екенін түсіндірді, оны E-Zan Komegi қосымшасында бағалайтындардың көп болуына байланысты бағалаудың объективтілігін арттыру үшін пайдалануға болады.

«Жасанды интеллект (AI)  заң шығарудың өте маңызды бір бөлігі. Мысалы, біз Қазақстанның университеттерімен – ҚазҰТЗУ, ҚарМУ, ҚазҰУ және басқа да ЖОО-мен жұмыс тобын құрдық. Мысалы, келесі үш жылда Қ. Сәтбаев атындағы университет азаматтарға ЖИ көмегімен кеңес алуға көмектесетін жоба әзірлемек. Әріптестермен меморандум жасасамыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жасанды интеллекттің барлық модулін Қазақстанда іске қосу үшін суперкомпьютер бар. Сондай-ақ біз нарықпен, бизнес-ортамен жұмыс істейміз. Бұл – Zanbar, IPrav сияқты мобильді қосымшаларды жасайтын компаниялар», – деді Бекболат Молдабеков.

Оның айтуынша, әзірленіп жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

«Келесі айда ҚазҰТЗУ-мен бірлесіп заң клиникаларын ашамыз. Яғни, бұл азаматтарға арналған ХҚКО деп аталады, бірақ мұнда заңгерлер отырады. Кез келген азамат университетке келіп, кеңес ала алады. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтық қорғалуы. Әрине, бізде сонша адвокат пен заң кеңесшісі жоқ. Ең бастысы, азаматтар сұрақтарға ЖИ және мобильді қосымшалар арқылы жауап алады», – деп түйіндеді әділет вице-министрі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері 27 000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_qazyr

Ақтөбеде әскери қызметкер қайтыс болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz