Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда энергия мен интернетке қолжетімділік артады

Қазақстан Үкіметінде энергетика және инфокоммуникация саласындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылуы қаралды. Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің толық электр қуатымен қамтылуын және цифрлық инфрақұрылымның дамуын негізгі басымдық ретінде атады деп хабарлайды Qazyr.kz

Елде 230 электр станциясы бар, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артып келеді. 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт қуат іске қосылады деп жоспарлануда. Экибастұзда жаңа ГРЭС, Көкшетау мен Семейде жаңа станциялар салу көзделген.

Сонымен бірге, ауыл-аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2027 жылға дейін 90% ауылға жоғары жылдамдықтағы интернет жетеді. Волоконды байланыс желілерінің ұзындығы 160 мың км-ден асады. Ел мобильді байланыспен де толық қамтылады.

Үкімет деректер орталықтарын көбейтіп, Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық хабқа айналдыруды көздейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Түркістандағы индустриялды аймақты тазалау,көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

redaktor_qazyr

Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

admin_qazyr

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын сатады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz