Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Сталкинг: жаңа заң азаматтардың жеке бостандығын қорғауға бағытталды

Қазақстанда алғаш рет «Сталкинг» ұғымына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімет таратты.

2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» енгізу жөніндегі заңға қол қойған. Жаңа бап азаматтардың жеке бостандығын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында қабылданды.

Бас прокуратураның түсіндіруінше, сталкинг – бұл басқа адамның еркіне қарсы жасалатын заңсыз қудалау, оның ішінде мәжбүрлі байланыс орнату немесе бақылау әрекеттері. Мұндай әрекеттер күш қолданумен тікелей байланысты болмаса да, жәбірленушінің жеке өміріне айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.

Заңға сәйкес, сталкинг үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл , 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс немесе 50 тәулікке дейін қамау түріндегі жаза қарастырылған.

Егер қудалау күш қолдану, қорқыту, бопсалау немесе жеке өмірге қол сұғумен қатар жүрсе, мұндай әрекеттер қосымша Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша сараланады.

Прокуратура атап өткендей, жаңа норма жәбірленушілерді ерте кезеңнен қорғауға және қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, заңды шеңберде жүргізілетін құқық қорғау органдарының әрекеттері сталкинг қатарына жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Айгүл Орынбек:«Қазақстанда мемлекеттік қызметте жасайтын әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді»

redaktor_qazyr

Мадс Миккельсен Қазақстанда қандай фильм түсіргісі келер еді?

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысымен көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz