Qazyr.kz порталы
Қазір

«Қарасора–2025»: Транспорттық полиция ірі есірткі арнасын әшкереледі

Қазақстанда транспорт полициясы жалпы құны 3,15 млрд теңгеге бағаланған ірі есірткі жеткізу және өткізу арнасын анықтап, оның жолын кесті хабарлайды Qazyr.kz

 ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 1 маусымынан 31 қазанына дейін «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Қарасора–2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Осы кезеңде транспорттық полиция 159 есірткі қылмысын әшкереледі.

Анықталған құқықбұзушылықтардың ішінде екі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылуы, 22 есірткі сату, 8 аса ірі көлемде сақтау, 4 контрабанда, 2 насихаттау және 7 заңсыз өсіру дерегі тіркелген.

Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы 705 килограмнан асты. Оның ішінде:

  • 239 кг марихуана — 40 жастағы тараздық азамат өсірген;

  • 96 кг есірткілік өсімдік — Жамбыл облысындағы жеке үйдің ауласынан табылған;

  • 105 кг синтетикалық мефедрон да тәркіленген.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәркіленген заттар «қара нарықта» сатуға дайындалған. Қазір полиция тарапынан жеткізу және өткізу тізбегіне қатысы бар тұлғалар анықталып, барлық материалдар бойынша процессуалдық тексеру жүргізілуде.

ІІМ атап өткендей, мұндай шаралар елімізде есірткі бизнесіне қарсы күрестің пәрменділігін арттырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртенді

redaktor_qazyr

Балалардың цифрлық қауіпсіздігі қолға алынды

admin_qazyr

Жүкті әйел шашын қиса не болады?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz