Qazyr.kz порталы
Аймақ

Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ақтөбе облысында газдандыру бағдарламасы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Ауылдарды көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қыркүйек айының басынан бері Шығырлы, Ащысай, Бұлақты, Хазрет, Байнасай, Ақмоласай, Көптоғай сияқты жеті ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді.
Ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету өңірді дамытудың басты бағыты болып қала береді. Бұл өмір сүруге қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, үнемдеуге, экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға, көмір мен отынды аз пайдалануға ықпал етеді.
Биыл жыл соңына дейін жиырмадан астам ауылдық елді мекен газға қосылады. Осылайша, Ақтөбе облысындағы газдандыру көрсеткіші 97 пайызға жетеді. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ауылдық елді мекендерді газдандыру жұмыстары жарын да белсенді түрде жалғасатын болады. Осылайша, өңірдің ең шалғай түкпірлеріне көгілдір отын жетіп, мыңдаған тұрғынға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

admin_qazyr

Көкөніс тапшылығына жол берілмейді: БҚО-да 4 жаңа қойма салынады

admin_qazyr

Алматыда ойыншықтар контрафакті әшкереленді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz