Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Қазақстан Президенті Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 сайлау учаскесіне келіп, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Президент дауыс беру рәсімінен кейін отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесіп, Конституциялық реформаның ел дамуындағы маңызы туралы пікірін білдірді.

«Баршаңызды бүгінгі тарихи оқиғамен құттықтаймын. Конституция – ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілі саналатын ең маңызды тарихи құжат. Жаңа Конституция Қазақстанның аумақтық тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін одан әрі нығайта түседі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде 1995 жылы қабылданған Конституцияның 35 жыл бойы елдің дамуына қызмет еткенін атап өтті.

– Бұрынғы Конституция еліміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімін қамтамасыз етуде өз міндетін абыроймен атқарды. Дегенмен уақыт талабы өзгерді. Бүгін біз жаңа Конституцияны қабылдайтын тарихи сәтке жеттік. Бұл Конституция қазіргі заман талабына толық жауап беріп, еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді деп сенемін. Мен де жаңа Конституция жобасын дайындауға қатысып, оның преамбуласы мен бірқатар негізгі нормаларының тұжырымдамаларын жеке өзім ұсындым, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент БАҚ өкілдерінің Конституциялық реформаның мақсаты мен міндеттері туралы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне байланысты қойған сауалдарына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстанның саяси және қоғамдық өміріндегі маңызды белес екенін тағы бір мәрте атап өтті. Мемлекет басшысы бұл реформалардың нәтижесінде елдегі демократиялық үрдістер одан әрі тереңдеп, азаматтық қоғам нығая түсетініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Болат Жәмішев,Григорий Марченко — Зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуды тоқтату керек

redaktor_qazyr

Сәтқалиевтің тағы бір орынбасары тағайындалды

admin_qazyr

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен 21 жастағы жігіт ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz