Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Атыраулық полицей жұртты сүйсінтті

Атырау облысы полициясының лейтенанты Рустам Қанатов қызметке бара жатқан жолда өрттен адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Оқиға 4 мамыр күні шамамен сағат 07:15-те болған. Қызметіне бара жатқан полицей жеке тұрғын үйден қою түтін шығып жатқанын байқайды. Ол таксиді тоқтатып, қоршаудан асып өтіп, аулаға кірген.

Үйлердің бірінде ұйықтап жатқан ер адам болған, есік ішінен құлыптаулы еді. Оқиғаға көрші де араласып, екеуі бірігіп үйдің есігін ашып, зардап шеккен адамды сыртқа алып шыққан.

Полицей өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенге дейін жағдайды бақылауда ұстаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жылыту жүйесіндегі ақау себеп болған. Ер адам зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Адамды құтқарғаннан кейін Рустам Канатов қызметіне қарай жолын жалғастырған.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақфильм» вице-президенті Серік Жұбандықов ақша жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz