Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Енді Қазақстанда жалғызбасты ер адамдар да бала асырап ала алады

Енді Қазақстанда жалғызбасты ер адамдар да бала асырап ала алады.Бұл туралы Қазір.кз порталы хабарлайды.

Қазақстанның Конституциялық соты осыған мүмкіндік беретін қаулы шығарды.Осы бойынша Парламентке 6 айдан кешіктірмей заңға өзгеріс енгізуге  тапсырма берілді.Себебі «Неке және отбасы туралы» заңның тиісті бабы Конституцияға қайшы деп есептейді. Қаулы күшіне енді және шағым жасауға жатпайды деп мәлімдеді Конституциялық сот.

Конституциялық сот қаулы етеді:

1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, бала асырап алу институтын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізсін.

Қолданылған шаралар туралы көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына ақпарат берсін.

3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында ерлік көрсеткен полицейлер атындағы сыныптар ашылды

redaktor_qazyr

Қоқысқа толы — Жетісай

redaktor_qazyr

Алма Ақылбайқызы — Әппақ қар

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz