Qazyr.kz порталы
ҚазірСпорт

Қазақ дзюдошысы Жасұлан Жұмағали АҚШ-та екі алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

34 жастағы қазақстандық дзюдошы Жасұлан Жұмағали өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, осы жазда Калифорнияда өткен екі ірі жарыста жүлдегер атанды деп хабарлайды Qazyr.kz

1 маусымда Ориндж Каунтидегі Westminster High School спорт залында өткен дәстүрлі Nanka West Coast Invitational 2025 турнирінде Жасұлан қарсыластарынан оза шауып, алтын медаль иеленді. Бұл жарыс Nanka Judo Yudanshakai және USA Judo ұйымдарының ресми күнтізбесіне енген, Батыс жағалауындағы ең беделді турнирлердің бірі саналады. Оған Калифорния, Аризона және Невада штаттарынан мықты дзюдошылар қатысты.

13 шілдеде Жасұлан тағы бір маңызды турнирде – Jesse Jones Memorial Judo Championship, яғни Калифорния штатының ең ірі көпсалалы спорттық шарасы California State Games 2025-те бақ сынады. Марқұм бапкер Jesse Jones-тың құрметіне арналған бұл жарыста ол екі санатта күресіп, бір алтын мен бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасұлан Жұмағали – халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғап жүрген тәжірибелі спортшы. Оның АҚШ-тағы жеңісі қазақстандық дзюдоның дамуына қосылған үлкен үлес болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары қаржы қылмыстарына қарсы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

admin_qazyr

Алматыда 2025 жылдың бес айында инвестиция белсенділігі 28%-ға өсті

admin_qazyr

Сауд Арабиядағы қасиетті Мекке мен Мединa қалаларын су басты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz