Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қазақстанда алтын қоры 98 тоннаға көбейді

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология, жер қойнауын пайдалану, цифрландыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның айтуынша, геологиялық барлау нәтижесінде еліміздің минералдық-шикізат базасы айтарлықтай толықты. Мемлекеттік есепке алғаш рет бес жаңа кен орны — Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр енгізілді. Соның нәтижесінде алтын қоры 98 тоннаға, мыс — 36 мың тоннаға, марганец — 11 млн тоннаға және фосфорит — 1,3 млн тоннаға артқан.

Қазір Қазақстан аумағының шамамен 2 млн шаршы шақырымы зерттелген. 2026–2028 жылдары тағы 100 мың шаршы шақырым аумақ барлауға енгізілмек. Бұл жұмыстарды жеделдету үшін Үкімет резервінен 240 млн теңге бөлінді.

Салада цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы іске қосылған minerals.e-qazyna.kz платформасы арқылы 22 мемлекеттік қызмет онлайн форматқа ауыстырылды. Геологиялық есептердің 73%-ы электронды жүйеге енгізілген, келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетпек.

Сондай-ақ, «Ұлттық геологиялық қызмет» базасында заманауи зертханалық кешен салынуда. Жоба құны – 14 млрд теңге, іске қосу мерзімі – 2028 жыл.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың мәліметінше, биылғы тоғыз айда геологиялық барлауға 80 млрд теңге инвестиция тартылған. Мұнай саласында 324 келісімшарт жасалып, бюджетке 10,6 млрд теңге түсті.

Қазақстан геологиялық барлау саласында Канада, Австралия және Оңтүстік Кореямен әріптестік орнатқан. Бұл бағыт халықаралық технологиялар мен тәжірибені енгізуге мүмкіндік беріп отыр.

Премьер-министр атап өткендей, геология – ұлттық экономиканың стратегиялық тірегі, ал саланы цифрландыру мен халықаралық ынтымақтастық минералдық қорларды тиімді және жауапты игеруге жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер 4500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

redaktor_qazyr

Цифровая эра и азарт: как меняется восприятие лотерейных игр

admin_qazyr

Келестегі кеңкелестің тірлігі «Анасын кірпішпен ұрып,16 жастағы қызды зорлап өлтіріп кеткен»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz