Qazyr.kz порталы
Әлем

Аптасына бір күн – автокөліксіз: Жаңа Зеландия 1979 жылғы заңды қайта енгізбек

Никола Уиллис

Жанармай тапшылығына байланысты Жаңа Зеландия автокөліктерді қолдануды шектеуі мүмкін, деп жазады Qazyr.kz.

Елдің қаржы министрі Никола Уиллис 1979 жылғы заңды қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл заң бойынша көлік жүргізушілеріне аптасына бір күн машинамен жүруге тыйым салынады. Талапты бұзғандарға ақшалай айыппұл салынбақ.

Аталған заң алғаш рет 1979 жылы Ирандағы ислам революциясынан кейін енгізілген. Сол кезде де мақсат – елдегі жанармай тұтынуды азайту болатын.

Қазір елдегі жағдай әуе қатынасына да әсер етіп отыр. Керосин бағасының өсуіне байланысты Air New Zealand әуе компаниясы алдағы екі ай ішінде рейстер санын 5%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Қысқарту негізінен ішкі рейстерге қатысты болады.

Жаңа Зеландия жанармайды сырттан әкелуге тәуелді мемлекеттердің бірі. Ирандағы соғыс басталғалы бензин бағасы шамамен 10%-ға, ал дизель 20%-дан астам қымбаттады. Энергетика министрі Шейн Джонстың айтуынша, елде қазір шамамен 50 күнге жететін жанармай қоры қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласына 14 су жаңа қоғамдык көлік берілді

redaktor_qazyr

Зимбабведе аш қалған халықты тамақтандыру үшін 200-ге жуық пілді құрбандыққа шалмақшы

redaktor_qazyr

Шымкентте полицейді белгісіз ер адам пышақтап кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz