16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Таиландтан келген сәлемдеме» Астаналық студент 8 жылға сотталды

Астанада студент есірткі тасымалы мен сақтауға қатысты қылмысы үшін 8 жылға сотталды.Бұл туралы  Qazyr.kz хабарлайды.

Сот материалдарына сүйенсек, студент Telegram мессенджері арқылы тыйым салынған заттар қоймасына жұмысқа орналасқан. Сол арқылы оның атына Таиландтан Қазақстанға 998 грамм кептірілген марихуана жіберілген.

2024 жылдың 6 тамызында студент «Қазпошта» филиалынан өз атына келген сәлемдемені алып кеткен. Кейін ол есірткіні бөліп, сату мақсатында сақтау үшін пәтер жалдаған. Алайда сол күні полицейлер оны қолға түсіріп, пәтерінде тінту жүргізу барысында заңсыз заттарды тәркіледі.

Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға есірткі айналымымен күрес мәселесінің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде,автокөліктердің «Техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылады

redaktor_qazyr

Алматыда АҚШ косулдығының ғимараты салынады

admin_qazyr

Шымкентте аурухадан қашып кеткен алаяқ әйелді іздеуде

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz